Еңбек күні: ерлікке толы қызмет тарихы

616
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2TtuC47F2TEGumA64j2sxsCXb5Rpxso93St1f6Lx.jpg

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні аталып өтеді. Бұл мереке адал еңбекті дәріптеп, ел игілігі үшін аянбай тер төгіп жүрген жандарды ұлықтауға арналған.

Өз өмірін өзгелердің амандығына арнаған полиция қызметкерлерінің ерліктері – осы мерекенің мәнін айшықтайтын айқын мысал.

Жезқазған қаласында жеті жыл бұрын орын алған оқиға ел есінде. Қала тұрғынының үйін өрт шарпыған сәтте полиция қызметкері Нұржан Дүйсенбек еш ойланбастан, қою түтін мен жалынның арасынан бес баланы және олардың анасын құтқарып қалды. Өмірін қатерге тігіп жасалған бұл әрекет – шынайы ерліктің үлгісі.

Жуырда Жезқазған қалалық полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы Азат Есенғабылов кәсібилік пен жанқиярлық танытты. Ол автобуста есінен танып қалған жасөспірімге дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем келгенге дейін оның өмірін сақтап қалды.
Бұл оқиғалар – полиция қызметінің тек құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ғана емес, ең алдымен адам өмірін қорғау мен қоғамға қызмет ету екенін көрсетеді. Ел үшін еткен ерен еңбек пен жанқияр ерлік – нағыз Еңбек күніне лайық өнеге.

Comments