Мәжіліске жаңа депутат келді

1230
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jCuD9U4OCb5bZMVTvqRxUfuW1scxEfcbda5QSd53.jpg

«AMANAT» партиясы фракциясының өкілі Әбутәліп Мүтәлі мәжілістің жаңа депутаты болды. Ол өкілеттілігін тоқтатқан Жұлдыз Сүлейменованың орнына келді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«AMANAT» партиясының Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен Парламент Мәжілісінің партиялық тізім бойынша бос мандат Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге берілді. Тиісті шешім Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолданды»,—делінген хабарламада.

Әбутәліп Мүтәлі — «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп жүрген білікті маман.

Естеріңізге сала кетейік, 29 қыркүйекте Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалған еді.

Comments