Ақ үйден жеткен ақпарат. Трамп пен Путин жақын арада кездеспейтін болды

1473
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wZakFwcsXTzjK8YGQkYKTn4N3Gyohw9DJdWKvb3p.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада Ресей басшысы Владимир Путинмен кездеспейді. Бұл туралы Ақ үй айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі CBS-ке сілтеме жасап.

«Жақын уақытта Трамп пен Путиннің кездесуін өткізу жоспарланып отырған жоқ», — делінген хабарламада.

Еске салайық, 16 қазанда Путин мен Трамп телефо­н арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайды талқылаған еді. Кейіннен көшбасшылардың алдағы екі апта ішінде Будапештте жеке кездесу өткізуге келісімге келгенін айтылды, алайда нақты уақыты белгіленбеген болатын. Ал 17 қазанда Трамп Ақ үйде Зеленскиймен жолыққан еді.

Будапештегі кездесу бола қалса, Зеленский оған өзінің де қатыса алатынын мәлімдеген.

Ал Еуропа елдері Будапештке Путиннің ұшағын өткізбейтінін жариялаған. Литва тіпті "Путинге Еуропада тек Гаагада орын барын" жариялаған, Халықаралық қылмыстық сотқа мегзеп. Халықаралық қылмыстық сот Путин барса, сол елдерді оны ұстап сотқа тапсыруға міндеттеген. Путин таяуда Душанбеге сапарлаған кезінде Халықаралық қылмыстық сот Путинді ұстамағаны үшін Тәжікстанды айыптаған. 

Comments
Other materials