2025 жылдың 30 қарашасында әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мысырдың Гиза қаласында өтетін The Pyramids Echo атты халықаралық фестивальде өнер көрсетеді. Іс-шара әйгілі Pyramids Panorama алаңында өтеді, деп хабарлайды "Адырна".
The Pyramids Echo — әлемнің түкпір-түкпірінен келген әртістерді, оркестрлер мен заманауи орындаушыларды біріктіретін өнер мерекесі. Фестиваль бағдарламасы тек музыкалық бағытпен шектелмей, мәдениет пен өнердің әртүрлі түрлерін қамтиды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің басты мақсаты — жас буынды шабыттандыру, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және музыканың адамзат тарихындағы рөлін еске салу.
Еске салайық, қазан айының ортасында Димаш Құдайберген Мексикада екі бірдей аншлаг концерт өткізген болатын. Әнші өнер көрсеткен Palacio de los Deportes аренасында 15 мың көрермен жиналды.
Одан кейін Испаниядағы концертіне арналған жарнамалық науқан Барселона көшелерінде ерекше форматта өтті — қала көшелерінде Димаштың суреті бейнеленген автобустар жүріп, алдағы концерті жайлы хабарлады.
Мексика мен Испаниядағы гастрольдерден кейін Димаш Қытайға жол тартпас бұрын Алматыдағы жаңа заманауи музейге барды.
Over the years of independence, the country's oil production has increased 3.5 times and gas production 7 times