Жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап, қаза тапты

567
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8srsDV5dUtebJMGFk3LBHQb7w6113p8actG1CbR0.jpg

Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім әкесінің рұқсатынсыз көлік айдап, апатқа түскен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Полиция департаментінің мәліметінше, бала көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі жыраға түсіп, көлікпен аударылған.

Ауыр жарақат алған баланы  дәрігерлер құтқара алмады. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларға көлік жүргізуге жол бермеу жөнінде ескерту жасады.

Comments