Нұра ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әлеуметтік желіде тараған бейнеде ер адам лифт ішінде қамалып, екіншісі лифт шахтасына түсіп кеткен.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 4 қараша күні, Нұра ауданы Сығанақ көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде сағат 05:11-де болған. Алғашқы деректер бойынша, лифт ішінде бір адам қалып қойғаны, ал тағы бір адамның лифт механизмінде қысылып, жарақат алуы мүмкін екені туралы хабар түскен.
«Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, 1994 жылы туған ер адамды шығарып алды. Сондай-ақ лифт қызметі өкілдерімен бірлесе отырып, 1987 жылы туған ер адамды лифт шахтасынан көтеріп шығарды. Ол медицина қызметкерлеріне тапсырылды», — делінген ТЖД хабарламасында.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр.