Италия соғыс пен Путинді қолдаған опера әншісінің концертін өткізбей тастады

928
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nFHSNztyLkK3eITn4zeQo4qIPk5B5GzAGW68ki9c.jpg

Фото: ЕРА

Италия билігі Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдаған опера әншісі Ильдар Абдразаковтың жоспарланған концертін тоқтатты. Бұл туралы Еуропарламент вице-президенті Пина Пичерно Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Пичерноның айтуынша, Абдразаков Ресей президенті Владимир Путиннің сенімді өкілдерінің бірі болған. Ол 2026 жылдың қаңтар айында Верона қаласындағы әйгілі Teatro Filarmonico сахнасында «Дон Жуан» операсында ән салуы тиіс еді.

«Біз тағы да Путин мен Кремльдің үгіт-насихатына қарсы жеңіске жеттік. Абдразаков Верона аренасында өнер көрсетпейді», – деп жазды Пичерно.

Айта кетсек, биыл шілде айында Италияда Ресейдің тағы бір сенімді тұлғасы – Мариин және Үлкен театрлардың бас директоры әрі дирижері қатысатын концерт те күшін жойған болатын.

Италия мәдени саласында Ресейдің соғысқа қатысты үгітін қолдаған әртістердің өнер көрсетуіне шектеу қою үрдісі соңғы жылдары жиілеп келеді.

Comments