Алматы-Өскемен тас жолының бойынша Changan көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жүк көлігінің артына соғылған, деп хабарлайды "Адырна".
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Алматы — Өскемен автожолының 94-шақырымында жол апаты болған. Changan маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жүк көлігінің артына соғылған. Одан кейін көлік жол қоршауына түйіскен. Ал Toyota Estima жүргізушісі Changan автокөлігіне соқтығысқан.
Сондай-ақ соққы салдарынан Changan автокөлігінің қозғалтқышы жолдың қарсы бағытына ұшып, Ford Focus автокөлігіне тиген.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Changan көлігінің жолаушылары оқиға орнында көз жұмды. Аталған көліктің жүргізушісі мен Toyota Estima жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады департамент.