Мемлекет басшысы Қытай басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады

293
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GoKHfWTARl9awNDlxYPRKBTRuufn9xv7LNFaOmka.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің атына Гонконгта болған алапат өртке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Президент Гонконгтың Тай По ауданындағы «Ван Фук Корт» тұрғын үй кешенінде шыққан өрт салдарынан көптеген адамның мерт болғанына байланысты Қытай басшысына және барша қытай халқына терең қайғырып көңіл айтты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске салайық, бұған дейін аталған қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны 44 адамға жеткені хабарланған еді.

Comments