Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жиынға Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан басшылары, сондай-ақ ресми делегация мүшелері қатысты.
Жиында мемлекеттер өзара қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылап, 2025 жылға арналған негізгі бағыттар бойынша жұмыс қорытындыларын шығарып, алдағы кезеңге арналған басымдықтарды белгіледі.
Иманғали Тасмағамбетовке ҰҚШҰ бас хатшысы қызметінен шығуына байланысты алғыстар білдірілді. Жиында жаңа хатшы тағайындау шешімі қабылданып, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жыл мерзімге Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадықов жаңа генеральдық хатшы болып тағайындалды.
Таалатбек Масадықов 1961 жылы дүниеге келген, Қырғызстан азаматы. Ол - дипломат, халықаралық қатынастар саласының сарапшысы. Бірнеше жыл БҰҰ жүйесінде жұмыс істеп, саяси және аймақтық қауіпсіздік саласында тәжірибе жинақтаған.
Жиын қорытындысы бойынша Кеңес Декларациясы қабылданып, барлық мүше мемлекеттердің мүддесінде ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды.
"3 millions tenge for each project": the national project "National Spiritual Revival" provides many opportunities to young people