Ақтөбе облыстық полиция департаменті жасөспірімнің анасын өлтірді деген күдікке ілінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеп.
ПД дерегінше, 2 желтоқсанда қалалық полицияның кезекші бөліміне қала аумағындағы пәтерлердің бірінде аса ауыр қылмыс жасалғаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы анасының денесін тапты. Сол пәтерден пышақ жарақатын алған қарт әйел де ауруханаға жеткізілді.
Полиция хабарлауынша, күдікті ретінде қаза тапқан әйелдің 16 жасар ұлы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сонымен қатар, полиция жасөспірімнің қылмысын толық мойындағанын және кінәсін толық қабылдағанын жеткізді.
Related news