Eкінші АЭС те Жамбыл ауданында салынбақ

107
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6BS6iPLWA4l2XAdR0BTOJ4QtTIXhGziiDDjsMjbl.jpg

Қазақстанда екінші атом электр станциясы (АЭС) салынатын аймақ ресми түрде анықталды. Нысан Алматы облысының Жамбыл ауданында салынатын болды. Бұл шешім 5 желтоқсанда «Үлкен» ауылында өткен қоғамдық тыңдауда жергілікті тұрғындарға таныстырылды, деп хабарлайды "Адырна".

Жиынға келгендер ұсынысты қолдаған.

Атом энергиясы жөніндегі агенттік мәліметінше, екінші АЭС-тің орнын таңдау үшін «Қазақстан атом электр станциялары» компаниясымен бірлескен жан-жақты талдау жүргізілген.

Энергетикалық жүйедегі қуат қажеттілігі, инфрақұрылымның қолжетімділігі және қауіпсіздік талаптары сияқты көптеген фактор ескерілген. Осы зерттеу нәтижесі арнайы комиссияның отырысында қаралып, Жамбыл ауданын АЭС салуға қолайлы аймақ ретінде бекіту ұсынылды.

Тыңдау барысында мамандар жергілікті халыққа атом реакторының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін шаралар кешенін таныстырған. Сондай-ақ станцияның өңірге және жалпы елге әкелетін әлеуметтік-экономикалық әсерлері түсіндірілді.

Агенттіктің ресми хабарламасында тұрғындар жобаны қолдап, оның жаңа жұмыс орындарын ашуға, инфрақұрылымды дамытуға және аймақтағы энергия тапшылығын азайтуға мүмкіндік беретінін атап өткені жазылған.

Айта кетсек,  алғашқы АЭС те Үлкен ауылы маңында салынады. Ол «Балқаш» деп аталатын болды. АЭС құрылысы 10-12 жылға созылуы мүмкін. 

Comments