Дәулет Тұрлыханов федерация президенттігінен кетті

210
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/mw6lhOtPWBrZWlJTn7KBp79MbhFnv9wRcGCYhBon.webp

Қазақстан күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов өз қызметін аяқтағанын жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында хабарлады.

Тұрлыханов төрт жылдық қызметін аяқтағанын жазды.

«Бізбен бірге болған әрбір адамға шын жүректен алғыс айтқым келеді – бапкерлерге, спортшыларға, өңірлік федерацияларға, төрешілерге, дәрігерлерге, массажистерге, серіктестерімізге және күн сайын күрестің дамуына жүрегін салған барлық адамға», – деп жазды.

Сонымен қатар, федерацияның баспасөз қызметі жаңа президенттің тағайындалғанын хабарлады. Қазір Қазақстан күрес федерациясын Еркін Оқасов басқарады.

Comments