Қазақстандық спортшы Бейбарыс Қаблан Найробиде (Кения) өтіп жатқан таеквондодан U-21 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
«Қазақстандық спортшы Бейбарыс Қаблан Найробиде (Кения) өтіп жатқан таеквондодан (U21) әлем чемпионатында жеңіске жетті. Жарыстың алғашқы күнінде-ақ 87 килограмнан жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалда оңтүстік кореялық спортшы Ян Чжуненнен басым түсті», – делінген хабарламада.
21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты алғаш рет өткізіліп отыр. 3–6 желтоқсан аралығында өткен жарысқа 79 елден 452 спортшы қатысты.
Related news