Әскери ұшақ құлап, экипаждың барлық мүшесі қаза тапты

901
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/H5McIG0NeXsb3cROn9NTUKZcQygR9X4jbmBj1c8w.jpg

Суданда Ил-76 әскери жүк ұшағы құлап, экипаждың барлық мүшесі қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға 9 желтоқсанда болған.

«Ил-76 ұшағы техникалық ақау пайда болғаннан кейін Қызыл теңіз жағасындағы Порт-Судан қаласындағы «Осман Дигна» авиабазасына қонуға талпынған кезде құлады»,- делінген хабарламада.

Судан әскері бортта қанша адам болғанын жариялаған жоқ, алайда экипаждың барлық мүшесі қаза тапқаны айтылды.

Айта кетейік, апат Судан қарулы күштері мен «Джанджавид» жасақтары негізінде құрылған жедел әрекет ету күштері арасындағы ұзаққа созылған қарулы қақтығыс аясында болып отыр.

Бұған дейін қараша айында Бабанус қаласы маңында (Батыс Кордофан штаты) тағы бір Ил-76 ұшағы құлаған еді.

Comments
Other materials