Мұнай экспортының көлемі артады. Қазақстан үш бағытты күшейтті

305
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SStqvgMxML6c5lHi6QPgQhqHhqRF2PDDIRNkzmr3.webp

Қазақстан халықаралық мұнай тасымалдау бағыттарын кеңейту мақсатында Каспий құбыр консорциумы (КТК) жүйесінен тыс негізгі экспорттық маршруттарға мұнай ағымдарын қайта бағыттауды келісім берді. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Компания мәліметінше, энергетика министрлігі бекіткен бастапқы тасымал кестесімен салыстырғанда, 2025 жылдың желтоқсанында экспорт көлемі айтарлықтай артады:

  • Атырау – Самара бағыты бойынша — 232 мың тоннаға,

  • Қытай бағыты бойынша — 72 мың тоннаға,

  • Ақтау порты арқылы Баку – Тбилиси – Джейхан бағытына — 58 мың тоннаға ұлғайған.

«ҚазТрансОйл» өндіруші компанияларға желтоқсан айында мұнайды уақытша сақтау үшін резервуарлық паркте орын ұсынылатынын да атап өтті. Бұл шара тасымал кестесін икемді етуге және логистиканы оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Компанияның хабарлауынша, қабылданған шешімдер магистральдық құбыр жүйесінің жұмысын тұрақты ұстап тұруға, айдау режимдерін оңтайландыруға және экспорттық жеткізілімдердің үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстанның мұнай маршрутын әртараптандыруы геосаяси тәуекелдерді төмендетуге және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал етеді.

Comments