Астанада екі адам терезеден құлап қаза тапты. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
Ақпаратқа сәйкес, аталған оқиғалар бір-бірімен байланысты емес.
«18 желтоқсан күні полицияға “Хайвил” тұрғын үй кешенінің аумағынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түсті. Тексеру барысында марқұмның жеке басы анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған», — делінген хабарламада.
Шамамен осы уақытта қаланың өзге бөлігіндегі тұрғын үйдің 18 қабатынан әйел адам құлап кеткені анықталды.
Аталған екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Related news