Украина Каспий теңізіндегі бұрғылау платформасына шабуыл жасағанын мәлімдеді

122
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Pe7FubIHlYGWwB23ZnCl9ZyNnvL0kBdDZoAS7TNX.webp

Украина қарулы күштері Каспий теңізіндегі Ресейдің патрульдік кемесі мен мұнай-газ кен орнындағы бұрғылау платформасына соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Украина қарулы күштері Бас штабының мәліметінше, шабуыл 19 желтоқсанға қараған түні болған.

Украиналық ұшқышсыз ұшу аппараттары Каспий теңізі акваториясында орналасқан 22460 жобасындағы “Охотник” патрульдік кемесін нысанаға алған. Кеме мұнай-газ өндіру платформасына жақын маңда болғаны айтылды.

Сонымен қатар, Украина тарапы “Лукойл” компаниясына тиесілі Филановский атындағы мұнай-газ кен орнындағы бұрғылау платформасы да зақымданғанын мәлімдеді. Украин әскери ведомствосының дерегінше, аталған платформа Ресей қарулы күштерін отынмен қамтамасыз ету үшін пайдаланылған.

Зақым көлемі мен салдары нақты көрсетілмеген.

Comments