"Қарызсыз қоғам"жобасы аясында студенттерге ақпараттық лекция өткізілді

22
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/FXynPoVrSIcqUCzqdX4SMaZbitwfe4SYYwsm0599.jpg

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында Еуразия технологиялық университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттеріне ақпараттық лекция ұйымдастырылды.

Іс-шараға Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкері Шынар Әбзелбек лектор ретінде қатысып, жастарға қаржылық сауаттылықтың маңызы, қарыздан сақтану жолдары, онлайн алаяқтықтан қорғану тәсілдері туралы түсіндірді.

Лекция барысында студенттерге бюджет жоспарлау, артық шығындарды басқару, несие тарихының рөлі мен маңызы, сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттық рәсімі бойынша практикалық кеңестер берілді.

Аталған шараның мақсаты — жастар арасында қаржылық мәдениетті қалыптастыру, қарыз жүктемесін азайтуға бағытталған превентивті шараларды жүзеге асыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Comments
Other materials