Алматыда Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті

228
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/mBdImj4fwx6VyXMyKH9KxdCqZEjLi52EiRsERoms.jpg

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында актер, режиссер, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қаралы жиынға мәдениет және өнер саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері, актердің шәкірттері мен әріптестері, сондай-ақ қала тұрғындары жиналды.

Рәсім барысында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды сөз сөйлеп, қазақ өнерінің көрнекті өкіліне құрмет көрсетті. Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, қырғыз жазушысы, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев марқұмның өнердегі орны мен адамдық болмысын еске алды.

Абай атындағы опера және балет театрының алдына актерді ақтық сапарға шығарып салу үшін жиналған халық қарасы көп болды.

Асанәлі Әшімов Кеңсай-1 зиратына жерленеді, одан кейін Royal Tulip мейрамханасында ас беріледі.

Қазақ өнерінің саңлағы Асанәлі Әшімов 21 желтоқсанда тоқсанға қараған шағында өмірден өтті. 

Comments