23 желтоқсанда Астана қаласында «ЕХРО» ХКО AlemAI күмбезі астында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрі мен рәсімдік бөлімшесінің даңқты қолбасшы, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған плац-концерті болды.
Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы қазақ халқының батыр ұлының есімін әрдайым есте ұстап, ардақтайды. Оның келбеті ҚР МКҚ жекелеген бағыттарының символикасына ерлік, батылдық пен Отанға адал қызмет етудің жарқын өнегесі ретінде негіз етіп алынған.
Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы Б.Момышұлының өнегесімен тәрбиеленеді, оның әскери іс туралы еңбектері, жауынгерлік тәжірибесі зерделенеді.
Плац-концертте Президенттік үрлемелі аспаптар оркестрі және жеке орындаушылары, «Абырой» тобы патриоттық әндер орындайды, ҚР МКҚ «Айбын» президенттік полкі рәсімдік бөлімшесінің, «Сардар» және «Көкжал» арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің қарумен көрсетілетін қойылымы болды.
Қойылым өзегі - жауынгерлердің даңқты қолбасшы, батыр Б.Момышұлы рухына арнауы деуге болады, ол Батыр бейнесінің өміршеңдігін, оның келбетінің әрбір Отан қорғаушы бойынан көрініс табатынын білдіреді. Бұл бірнеше буын жауынгерлердің үндестігі, еліміздің өткені мен бүгінінің үзілмес байланысы.
Плац-концертте танымал патриоттық әндер («Елім деп соқсын жүрегің» (Е.Сәрсенбеков и Б.Нұрмұханов), «Рух» (“Абырой” тобы), «Сауыт» (И.Ескендір) және т.б., сондай-ақ ҚР МКҚ Президенттік оркестрі солистерінің орындауында жаңа «Көк аспан» әні орындалды.
Over the years of independence, the country's oil production has increased 3.5 times and gas production 7 times