«Талабыма сай келетін әкім». Тоқаев шенеуніктің жұмысына жоғары баға берді

325
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5JSwYooerXjWJzrYvJTAPYHjGqmq0b9STxc78kS0.jpg

Бүгін, 24 желтоқсанда Астананы дамыту мәселесіне арналған кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің жұмысына оң баға берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жеңіс Қасымбек – менің талабыма сай келетін әкім. Бұған дейін, айтқым келмейді, бірақ мұндай түсінік болмаған»,-деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкіміне Smart City жобасын мүмкіндігінше қысқа мерзімде толық аяқтауды тапсырды. Президент мемлекеттік басқару жүйесіне озық технологиялық шешімдерді енгізу бағытында Жапонияның тәжірибесіне назар аударуға шақырды.

Comments