Қазақстандық ауыр атлеттер Қырғызстандағы турнирде 5 медаль жеңіп алды

572
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yCm3IGZvuNgSXVCTXqY10xbWdsaFjciosrE2HyjZ.webp

Қазақстанның ауыр атлетикадан ұлттық құрамасы Бішкек қаласында өткен халықаралық турнирде төрт алтын және бір күміс медаль иеленді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

«Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Бішкекте (Қырғызстан) өткен халықаралық турнирде бес медаль жеңіп алды. Біздің құраманың еншісінде төрт алтын және бір күміс жүлде бар», – деп жазылған хабарламада.

Алтын медаль иегерлері: Ақмолда Сайрамкез (65 келіге дейін), Аянат Жұмағали (77 келіге дейін), Сания Орманбаева (86 келіге дейін) және Әкерке Байманап (86 келіден жоғары).

77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Марта Давлетиярова күміс медаль жеңіп алды.

Comments