Әлемнің біраз жұрты Рождествоны атап өтіп жатыр. Христиан дінінің қасиетті мейрамдарының бірі. Дәл осы күні Ресейбасы Путин: «Ресей, яғни біз Украинадағы "арнайы операция" барысында "Құдайдың қасиетті тапсырмасын" орындап жатырмыз»,-деді.
Сөзбе-сөз: "Бога часто называют Спасителем, потому что он пришел, чтобы освободить всех людей. И наши воины "как бы по поручению Господа исполняют эту самую миссию — защиты Отечества, спасения Родины и ее людей".
Құдайдың қасиетті тапсырмасы бейбіт халықты қыру ма? Әлбетте жоқ! Ендеше бұның диагнозы былай: Не Путин өзін "Құдай" санайды, не Құдайдың атын жамылып, өзінікін істеп жүрген күнәһар!
Жалпы Украинадағы қанқасап соғыс басталғалы бері Путин Құдай туралы бірнеше мәрте айтты. Әлгінде ғана: "Мен Құдайға сенемін. Ол бізді, ресейліктерді қиын-қыстау жағдайға қалдырған жоқ. Қалдырмайды да. Біз бұл соғыстағы алға қойған мақсаттарымызға жетпей тынбаймыз", - деді.
Мұны естіген әлем жұрты: "Оның Құдайға сенетініне Құдай да сенбейтін шығар", - деді.
Ол осыған дейін өткен жылы әскерилерді марапаттап жатып, бұл соғысты бастауының себебі ретінде: "Осылай болғаны Құдайға керек болған шығар", - деп сөйлеген.
Ал 2024 жылы Путин: "2025 жылы соғыс аяқталады дегенге сенесіз бе?" деген сұраққа: "Мен Құдайға сенемін. Құдай бізді қолдайды", - деп жауап берген.
Дәл сол жылы Кремль қожайыны: "Ресейді мен емес, Құдай басқарып келе жатыр. Ал халықтың арқасында өмір сүруде", - деп сөйлегені де болған әңгіме.
Былтыр желтоқсан айында Путин: "Егер Құдай бар болса, ал оның бар екеніне шүбәм жоқ, онда Құдай жердегі адамдардың шіркеу-шіркеуге бөлініп кеткенін білмейтін де шығар. Бізді, бәрімізді ортақ құндылықтар біріктіреді", - деп көлгірсіген. Ол бұл сөздерді Украинаның Мәскеу патриархатынан бөлініп шығып, дін азаттығын алуына бағыттап айтқан.
The number of antelope in the country will be reduced by 80,000, and permission will be given to shoot them
