Арменияның сыртқы істер министрлігі Ресейдің елшісі Сергей Копыркинге қарсылық нотасын тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы TRT-ға сілтеп.
Нотаға ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьевтің сөздері себеп болған. Арменияның СІМ Соловьевтің эфирде айтқан пікірлерін "дұшпандық сипаттағы және қабылдауға болмайтын пікір" деп бағаланды. Ведомство бұл мәлімдемелерді Арменияның егемендігіне шабуыл және екі ел арасындағы достық қатынастардың негізгі қағидаларын бұзу ретінде бағалады.
Айта кетейік, 10 қаңтардағы «Соловьев Live» бағдарламасында "Арменияның жоғалуы" деген пікірі маңызды мәселе екенін айтып, Ресейдің ықпалындағы басқа аймақтарда да арнайы әскери операция жүргізу мүмкіндігін жоққа шығармады. Ол халықаралық құқық пен тәртіпті елемейтінін айтып, Орталық Азияны «Ресей ықпалындағы аймақ» деп атады.
Vice Prime Minister and Minister. Jamaubayev told about the difficulty of carrying out two duties at the same time
I believe that systematic work will be established and those who encroach on budget funds will decrease"
