Қайрат Сатыбалдының мемлекет меншігіне өткен Алматыдағы элиталық қонақүйі қалалық сотқа беріледі. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Сот өкілдерінің мәліметінше, ғимарат қалалық Сот әкімшілігі департаментінің иелігіне өткен. Қазіргі уақытта алдағы жөндеу жұмыстарына дайындық аясында ғимараттың инженерлік желілері мен конструктивтік элементтерінің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр.
Еске салайық, аумағы 9 461,6 шаршы метрді құрайтын Көктем-3 шағынауданында орналасқан қонақүй 2023 жылғы 1 тамызда Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен жасалған сыйға тарту шарты негізінде мемлекет меншігіне өткен еді.
Related news