Бүгін, 8 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды "Адырна".
Батыс Қазақстан облысы:
- "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 393-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін).
Ақтөбе облысы:
- "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 526-702 шақырым аралығы (Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін).
Жолды 2026 жылғы 9 ақпан сағат 00:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Related news
Quarantine was introduced in one of the villages of Akmola region due to the outbreak of brucellosis
