Аузы дуалы ақсақалдар қайда?

229
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/B0BQX2bw1u5MvnM0k4eTusK2Jz2naYJQTUtE173F.jpg

Елімізде бір кездері  Әбіш Кекілбай, Ақселеу Сейдімбек, Өмірбек Байгелді сынды аузы дуалы, сөзі уәлі  ақылман ақсақалдар ара-тұра Мемлекет басшысының қасынан табылып, өз ойларын батыл да ашық айтатын.

Сондай тұлғалардың ақыл-кеңесін тыңдап, елдік, тілдік, мемлекеттік мүдделерді ақылдаса отырып,  билік тізгінін қолына ұстаған басшы бір шешімге келетін. Ол кісілер көпті көрген, өмірлік тәжірибесі мол, әділдікті нұсқайтын айтулы тұлғалар еді.  Осындай ақылмандар ұлттық мүддені басты назарға қойып, тағдыршешті мәселелерге келгенде дұрыс шешім қабылдауға оң әсер ететін.

Ал қазір не болды? Қайда сондай тұлғалар?  Олар соңғы кезде неге шықпай қалды?  Мынандай алмағайып  кезеңде үнсіз отыруға бола ма? Жоқ емес, бар ғой әр аймақта осындай кезде билікке дұрыс бағыт беретін, әділ сөзін ортаға салатын азаматтар.  «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» демекші,  сөзі орнықты, айтар ойы қисынды  «данышпан» тұлғалармен бір сәт ақылдасып отыруға болар еді.

Әрине, олардың  сүбелі сөзін, орнықты деген айтар ой-пікірін тыңдап, керек жеріне ден қойып, қажет тұстарына көңіл бөліп пайдаға асыруға болғандай.

Міне, бұл да керек жәйт қой деп ойлаймыз.

Sayasat Beysbay

Comments
Other materials