Ресейден келген әзілкештің парақшасындағы жазбалар өшірілді

170
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LMOtkhDnDzJIboGDHgJWLtXND4Pf2pt0gssCSoXj.webp

Желіде әзілкеш Нұрлан Сабуровтың «Вагнер легионы Истра» бөлімшесінің жауынгерлеріне 10 питбайк сыйлады деген ақпарат кең тарағаннан кейін, бұл оқиғаға қатысты бейнежазбалар өшірілген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

БАҚ мәліметінше, аталған бейнені 2025 жылғы 7 шілдеде Истра муниципалдық округінің басшысы Татьяна Витушева жариялаған. Жазба ұзақ уақыт бойы оның жеке парақшасында және округтің Telegram-арнасында тұрған. Алайда Сабуровқа қатысты сын қайта күшейген соң, бейне алдымен жеке аккаунттан, кейін автоматты түрде муниципалитет арнасынан да өшірілген.

Бұл мәселе Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны туралы ақпараттан кейін қайта талқылана бастады. Кей деректерге сәйкес, оған қатысты шешім ұлттық қауіпсіздік мүддесі негізінде қабылданған.

Сондай-ақ кейбір ақпарат көздері бұрын жарияланған видеода комиктің «Вагнер легионы Истра» бөлімшесіне 10 мотоцикл бергені айтылғанын хабарлайды.

Тыйым салу туралы хабарламаны Сабуров Мәскеудегі Внуково әуежайына ұшып келген кезде алған. Кейін ол Алматыға ұшып кеткен. Әзілкеш жағдайға ашық пікір білдірмей, мәселені заңгерлер қарайтынын айтқан. Ол тек жеке өміріне құрметпен қарауды сұрап, «уақыт бәрін өз орнына қояды» деп мәлімдеген.

Соңғы уақытта Сабуров Instagram-дағы барлық жазбаларын да өшірген.

Comments