Астанада өнеркәсіптік альпинист құрылыс жүріп жатқан тұрғын үй кешенінің шатырысынан құлап, жараланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Оқиға 9 ақпанда Бұқар Жырау көшесінде болды.
1997 жылғы ер адам жараланып, жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.
BI компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат шамамен сағат 16:00-де терезелерді өнеркәсіптік альпинизм әдісімен жуу кезінде орын алған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жұмысшы 9-қабат деңгейінде тепе-теңдігін жоғалтқан.
Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты еңбек инспекциясы тексеріс жүргізіп жатыр.
Related news