Қарағандыда Ресей Федерациясынан әкелінген қызанақ тұқымдарының 130 қаптамасынан сынама алды. Бұл туралы АШМ Фитосанитариялық қауіпсіздік қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Фитосанитария» РМК жүргізген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы бойынша зерттелген үлгілерден карантиндік нысандар қатарына жататын қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы (Tomato brown rugose fruit virus, ToBRFV) анықталды. Әкімшілік іс материалдары Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды»,– делінген хабарламада.
Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы саудаға қатысушыларға ел аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезінде өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптары мен фитосанитариялық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін еске салды.
"Under psychiatric care": in Petropavlovsk, a pupil brought an ax and a knife to school and injured three children
I believe that systematic work will be established and those who encroach on budget funds will decrease"
