Тегеранда Хаменеиге тиесілі делінген жерасты кешені жойылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/k7tWjHnbs6pcUDOG4959v8iqqVH75PrzblKxAAtJ.webp

Израиль әскери-әуе күштері Иран астанасы Тегеранның орталығында орналасқан жерасты кешеніне әуе соққысын жасап, нысанды жойды. деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Израиль әскерінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, операцияға шамамен 50 жойғыш ұшақ қатысқан. Әуе шабуылы нәтижесінде Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеиге тиесілі делінген жерасты бункері қиратылған.

Әскерилердің айтуынша, аталған бункер Тегерандағы билік кешенінің астында орналасқан және төтенше жағдай кезінде басқару орталығы ретінде пайдаланылуы тиіс болған.

БАҚ мәліметінше, жерасты кешені Тегеранның орталығындағы бірнеше көшені қамтыған, ішінде көптеген кіреберістер мен мәжіліс залдары болған. Ол Иран басшылығының маңызды әскери басқару орталықтарының бірі саналған.

Comments