Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасының қатыгездікпен өлтірілуіне қатысты күдіктіге тағы бір айып тағылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатыр.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру» мен Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі «Алдын ала сөз байласу арқылы топ болып жасалған ұрлық» болып отыр.
Күдікті қамауға алынып, сот санкциясымен уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Related news
KASYM-ZHOMART TOKAYEV: The thermal power station of the capital is managed by a lawyer, the thermal transit is managed by an agronomist, and the city water channel institution is managed by a zootechnician.
