Зеленский ирандықтарды Наурыз мерекесімен парсы тілінде құттықтады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0kjTgW3PxWqjD80R4clCyCyuOdoF3Rnv6OcxQvLC.webp

Украина президенті Иран халқын және Наурыз мейрамын атап өтіп жатқан барша жұртты парсы тілінде құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Украина президенті өз үндеуінде иран халқына бостандық пен шынайы қауіпсіздік тіледі. Оның айтуынша, қазіргі «террористік режимнен» азат болған жағдайда, Иран бейбіт әрі гүлденген қоғамға айнала алады.

«Бұл соғыстан кейін Иран халқы мен бүкіл аймақта әділдік пен қалпына келтіру қамтамасыз етілуі маңызды», – деді ол.

Мемлекет басшысы биылғы жыл өмірдің жеңісі, бақыт пен бейбітшілікке оралу жылы болады деген үміт білдірді.

Айта кетейік, Наурыз – көктемнің келуін білдіретін ежелгі мейрам. Ол Иран мен Орталық Азия елдерінде кеңінен тойланады.

Comments