Иран Үнді мұхитында орналасқан АҚШ пен Ұлыбританияның әскери базасына зымыранмен соққы жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы The Wall Street Journal ақпарат таратты.
Мәліметке сәйкес, Иран орта қашықтықтағы екі баллистикалық зымыран ұшырған. Алайда олардың ешқайсысы нысанаға дәл тимеген. Дереккөздердің айтуынша, бір зымыран әуеде істен шықса, екіншісіне АҚШ әскери кемесі SM-3 зымыранымен қарсы әрекет жасаған. Оның нақты тосқауылдан өткені әзірге белгісіз.
Шабуыл Диего-Гарсия әскери базасына бағытталған. Аталған нысан Иран аумағынан шамамен 4000 шақырым қашықтықта орналасқан. Сарапшылар бұл шабуыл Тегеранның бұрын мәлімдегеннен де алыс қашықтыққа жететін зымырандарға ие болуы мүмкін екенін көрсетеді деп отыр.
WSJ мәліметінше, бұл – Иранның орта қашықтықтағы зымырандарды алғаш рет қолдануы және АҚШ мүдделеріне Таяу Шығыстан тыс аймақта жасалған алғашқы елеулі қауіп ретінде бағалануда.
Бұған дейін Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи ел зымырандарының ұшу қашықтығы 2000 шақырыммен шектелгенін мәлімдеген болатын.
Yerzhan Myrzabayev was appointed as the Vice Minister of Industry and Infrastructure Development of the Republic of Kazakhstan
