Ел мақтанышы Ербол Хамитовқа пәтер берілді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/w6vNXKUaXYu7xPkxNEIPPIjn6suxB53ULhtCZ0RB.jpg

Елордада ерекше қуанышқа толы сәт орын алды. Ербол Хамитов – XIV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы – салтанатты түрде жаңа баспананың иесі атанды. Grand Building Group құрылыс компаниясы спортшыға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Салтанатты шара барысында компания қызметкерлері чемпионды ерекше ілтипатпен қарсы алып, оның спорттағы табандылығы мен жетістіктерін жоғары бағалады. Жиын жылы атмосферада өтіп, қатысушылар Ербол Хамитовтың ел абыройын асқақтатқан жеңістерін мақтанышпен атап өтті.

Пәтер кілтін компанияның бас директоры Айбек Баянбайұлы табыстап, спортшыны жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы өмір жолында толағай табыстар мен жаңа биіктер тіледі. Кілт табысталғаннан кейін жеңімпазға жаңа пәтері бірден көрсетіліп, қазақы дәстүрмен шашу шашылды.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары Италияның Милан-Кортина қалаларында 6–15 наурыз аралығында өтті. Аталған додада Ербол Хамитов пара биатлоннан 4,5 шақырым қашықтықтағы із қуу жарысында алтын медаль жеңіп алып, сондай-ақ пара шаңғы жарысынан 1500 метрлік классикалық спринтте қола жүлдені иеленді.

Бұл бастама – спортшыларға деген құрметтің айқын көрінісі. Осындай игі істер қоғамда жігер мен сенім ұялатып, жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Елордада ерекше қуанышқа толы сәт орын алды. Ербол Хамитов – XIV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы – салтанатты түрде жаңа баспананың иесі атанды. Grand Building Group құрылыс компаниясы спортшыға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Салтанатты шара барысында компания қызметкерлері чемпионды ерекше ілтипатпен қарсы алып, оның спорттағы табандылығы мен жетістіктерін жоғары бағалады. Жиын жылы атмосферада өтіп, қатысушылар Ербол Хамитовтың ел абыройын асқақтатқан жеңістерін мақтанышпен атап өтті.

Пәтер кілтін компанияның бас директоры Айбек Баянбайұлы табыстап, спортшыны жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы өмір жолында толағай табыстар мен жаңа биіктер тіледі. Кілт табысталғаннан кейін жеңімпазға жаңа пәтері бірден көрсетіліп, қазақы дәстүрмен шашу шашылды.

Сондай-ақ чемпион салтанатты шарадан кейін өз әсерімен бөлісіп, жүрекжарды алғысын жеткізді:

«Бұл жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Осындай қуанышты сәтте маған қолдау білдіріп, баспана сыйлаған Grand Building Group компаниясына шын жүректен алғыс айтамын. Біздің спортшыларды қолдап, құрмет көрсетіп жатқандары – біз үшін үлкен мотивация. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға да ерекше алғысымды білдіргім келеді. Елдегі спортқа, соның ішінде параспортқа көрсетіліп жатқан қолдау – біз үшін өте маңызды. Бұл жетістіктің артында үлкен еңбек жатыр. Барлық бапкерлер мен мамандардың сіңірген еңбегі зор. Біз мұнымен тоқтамаймыз, алда әлі талай белестер бар. Көк туымызды көкке тағы да көтеріп, ел намысын абыроймен қорғай береміз. Баршаңызға көп рақмет!»

Еске сала кетейік, 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары Италияның Милан-Кортина қалаларында 6–15 наурыз аралығында өтті. Аталған додада Ербол Хамитов пара биатлоннан 4,5 шақырым қашықтықтағы із қуу жарысында алтын медаль жеңіп алып, сондай-ақ пара шаңғы жарысынан 1500 метрлік классикалық спринтте қола жүлдені иеленді.

Бұл бастама – спортшыларға деген құрметтің айқын көрінісі. Осындай игі істер қоғамда жігер мен сенім ұялатып, жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Comments