Полиция қызметкерін балаларының көзінше ұрып-соққан

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4z2BOi9RlkjgFx1pSENPWCMkyoX0UQEjGHnWClui.webp

Қостанай қаласында мас үш ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасап, оны балаларының көзінше ұрып-соқты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға сәті видеоға түсіп, желіде тарады. Кадрдан үш адамның формадағы қызметкерге шабуыл жасап, жерге құлатып, тепкілей бастағанын көруге болады.

Полицияның мәліметінше, жанжалдың себебі қызметкердің ескертуі болды. Полицей үш адамға өздерін дұрыс ұстауды сұраған. Алайда ер адамдар оған шабуыл жасаған. Сол сәтте полицейдің жанында балалары болған. Балалар зардап шеккен жоқ. Қазір полиция қызметкері амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

Қостанай облысы полиция департаменті барлық шабуыл жасаған азаматтар анықталып, ұсталғанын хабарлады. Қылмыстық іс қозғалған және кінәлілер толық жауапкершілікке тартылатын болады.

Comments