Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Di4oYtj8hDTnbgOpuOp9X6ay6o5kO6qqCBs1fO48.jpg

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда өткен ITF W15 турнирінде жұптық сында үздік болды, деп хабарлайды "Адырна".

Финалдық кездесуде Жібек ресейлік Екатерина Яшинамен бірге Александра Купарев (Германия) / Севиль Юлдашева (Өзбекстан) жұбын сенімді түрде ұтты. Есеп: 6:1, 6:4.

Айта кетейік, бұл – Жібектің осымен Үндістанда қатарынан жеңіп алған үшінші титулы.

Ол бұған дейінгі екі аптада да осы елде өткен турнирлерде чемпион атанған болатын.

Comments