Жанры жоқ жазбалар

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CwgImFI5CGxA5YrJKMSKtlgbBZsEpahk9wC3HHV2.jpg

"Жанры жоқ жазбалар" журналист, радиожурналистика майталманы Жанар Оразымбеттің өмірден ойып алынған шағын прозалық, эсселік жазбалар жинағы. Бұл кітапта қалыптасқан әдеби шекаралар мен дәстүрлі жанр талаптары әдейі бұзылы оқырманға өмірдің өзіндей еркін, тосын әрі шынайы мәтіндер ұсынылады.

Автор күнделікті тіршіліктегі ұсақ көріністер, тосын диалогтар, адам мінезі, қоғам мен уақыттың бет-бейнесін юмор, мысқыл, ирония арқылы бейнелей отырып, терең философиялық, психологиялық ой түйіндейді. Әрбір жазба - бір сәттік кадр, бір тыныс, бір шындық. Мұнда ойдан құрастырылған сюжеттен гөрі нақты өмір тәжірибесі, авторлық «менің» айқын даусы алдыңғы қатарға шығады.

Кітап мазмұны нон-фикшн мен флеш-фикшиге тән белгілерді қазақы дүниетаныммен ұштастыра отырып, қазіргі цифрлық дәуір оқырманына лайық ықшам, әсерлі, мазмұны терең форма ұсынады. «Жанры жоқ жазбалар» адам, қоғам, уакыт туралы ойландырған, күлдіре отырып толғандыратын, шындықты боямасыз жеткізетін заманауи прозалық туынды.

 

Comments