Жетісу облысында Текелі энергия кешенін ауқымды жаңғырту жалғасуда. Бұл Текелі қаласы мен өңірге арналған негізгі электр қуаты көзі.
Қала құраушы энергия кәсіпорнындағы жұмыстар 1959 жылы салынған қолданыстағы ЖЭО-2 қайта жаңартуды көздейді. Осы жылдар ішінде электр станцияларындағы жабдықтардың тозуы апатты 67%-ға жетті. Тозу деңгейінің жоғары болуынан апаттар мен ЖЭО-ның жоспардан тыс тоқтап қалу қаупі жоғары.

Бұған қоса, Текелі қаласында тұрғын үйлер құрылысының ұлғаюымен және жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындардың пайда болуымен 2-ЖЭО-ға түсетін күш айтарлықтай артты. Қарбалас кезде өңірде электр энергиясының тапшылығы байқалады.
Мәселелерді кешенді түрде шешу үшін Текелі энергия кешенінің аумағында көмірмен жұмыс істейтін қолданыстағы 2-ЖЭО-ға қосымша бу-газ қондырғысын салу туралы шешім қабылданды. 2-ЖЭО мен БГҚ бір уақытта жұмыс істейді.
2025 жылы нысанды кеңейтудің және қайта жаңартудың бірінші және екінші кезеңдері аясында жалпы қуаты 36 МВт болатын үш газ турбиналық қондырғы пайдалануға берілді.
Нәтижесінде энергия кешенінің негізгі жабдықтарының жалпы тозуы екі есеге - 67% -дан 34,2% -ға дейін төмендеді.
Қазір жаңғырту жобасының үшінші кезеңі іске асырылуда, ол қуаттылығы 17 МВт болатын үш кәдеге жарату қазандығы мен бу турбинасын монтаждау мен пайдалануға беруді қамтиды.

Текелі энергия торабын жаңғырту жөніндегі жұмыстарды аяқтау өңір үшін өте маңызды. Бу-газ қондырғысын іске қосу электр қуатын қазіргі 24-тен 77 МВт-қа дейін және жылу қуатын 42-ден 90 Гкал/сағ-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл қала тұрғындарын жарықпен және жылумен қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді.

Оның үстіне, жабдықтарды жаңарту энергетикалық кешен нысандарындағы іркіліс қаупін айтарлықтай төмендетеді және жалпы алғанда Жетісу облысының энергетикалық қауіпсіздігін арттырады.
Өңірде электр энергиясының меншікті көзінің болуы да ресурстардың сыртқы жеткізілімдеріне тәуелділікті барынша азайтуға мүмкіндік береді. Жалпы энергия жүйесінде апат болған жағдайда Текелі қаласы өзін-өзі энергиямен қамтамасыз ете алады. Ең бастысы, «Солтүстік-Оңтүстік» желісі бойынша электр энергиясының ағыны азаяды.

Жоба Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен инвестициялық келісімдер аясында іске асырылуда. Оның жалпы құны 46,8321 млрд теңгені құрайды. Текелі энергия кешенін жаңғырту мен кеңейтудің үшінші кезеңін 2026 жылдың шілдесінде аяқтау жоспарланған.
The founder of a website that publishes confidential information has been released from a London prison
