Ливанда үш журналист қаза тапты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DXLdJvbQCrL8SK6YhNAfH1R0uGR385vMVakvD0pH.jpg

Журналистерді қорғау комитеті Ливан мен Газа секторы аумағында Израиль соққысынан кейін кемі үш журналистің қаза тапқаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ұйымның мәліметінше, оқиғалардың кем дегенде біреуі әдейі жасалған шабуыл болуы мүмкін.

Израиль Газа секторы мен Ливан аумағына соққы жасап, салдарынан Мұхаммед Самир Уашах, Гада Даиех және Сюзан Халил есімді журналистер қаза тапты.

Мұхаммед Самир Уашах — Al Jazeera Mubasher тілшісі болып қызмет атқарған. Газада оның көлігіне жасалған дрон шабуылы кезінде көз жұмды. Ал Ливандағы әуе соққылары нәтижесінде Sawt Al-Farah жүргізушісі Гада Даиех пен Al-Manar TV және Al-Nour қызметкері Сюзан Халил қаза тапты.

Оқиғалар Ливан аумағындағы бомбалаулардың күшейген сәтінде болған. БАҚ дерегінше, Иран, Израиль және АҚШ арасында атысты тоқтату туралы келісім жарияланғаннан кейін небәрі бірнеше сағат ішінде 100-ден астам соққы жасалған.

Comments