Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bDl5PrwmFfKlhw8Sp5dpDvKG7nc0zyif1DVdme5G.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі православ өкілдерін Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна".

Оның айтуынша, Христиан жылнамасында ерекше орын алатын бұл мереке үміт пен сүйіспеншіліктің, рухани жаңарудың символы саналады. Пасха мейрамында және оған дайындық кезеңінде жанашырлық, мейірімділік, тату көршілік, өзара көмек қасиеттері ел ішінде кеңінен дәріптеледі.

"Православ қауымы қоғамда әділдік, бейбітшілік, келісім, төзімділік және сенім қағидаттарын қалыптастыруға елеулі үлес қосып келеді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан Пасха дәстүрі отбасындағы ынтымақты сақтауға және адамгершілік қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді, үлкенге құрмет көрсетіп, жақыныңа жанашыр болуға баулиды", - деді Тоқаев.

Comments