Қазақстандық еркін күрес балуаны Азамат Дәулетбеков Бішкекте өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна".
Ол 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде жапониялық Такаши Ишигуромен шеберлік байқасты.
Дәулетбеков үзіліске дейін бірнеше нәтижелі әдіс жасап, есепте 6:0 есебімен алға шықты.
Белдесудің екінші бөлігінде қарсыластар ұпай жинай алмады. Осылайша, Дәулетбеков Қазақстан қоржынына қола медаль салды.
Айта кетейік, бұған дейін 86 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Болат Сақаев бахрейндік Хидир Сайпудиновқа жол берді.
Related news
