Илон Маск Мажарстандағы жаңа биліктің артында кім тұрғанын айтты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dK358oGhJD8RZtnZiYX1VWVS1wb9FLom2QtsxQaK.jpg

Америкалық кәсіпкер, миллиардер Илон Маск америкалық қаржыгер әрі филантроп Джордж Соростың қорлары Мажарстандағы билікті қолына алғанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін Соростың ұлы Мажарстандағы парламенттік сайлау туралы айтып, оппозициялық «Тиса» партиясы дауыстардың 98,79 пайызы саналғаннан кейін алда келе жатқанын және 199 орынның 138-ін иеленетінін мәлімдеген еді. Ол мажар халқын «өз елін қайтадан қайтарып алды» деген пікір айтқан.

«Сорос ұйымы Мажарстанда билікті қолына алды», — деп жазды Маск X әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, Соростың қызметі қаржылық алыпсатарлық пен даулы беделіне байланысты әртүрлі бағаланады. Оның қорлары бірқатар мемлекетте билік ауысуын ұйымдастырды деген айыптауларға бірнеше рет іліккен. Қаржыгердің өзі бұрын оның қаржысы 2004 жылғы Украинадағы «қызғылт-сары революцияны» және 2013 жылғы «Еуромайданды» өткізуге көмектескенін жоққа шығармаған. Кейбір елдерде оны ішкі істерге араласты деп айыптаса, БАҚ-та оны жиі АҚШ-тың Демократиялық партиясымен байланыстырады.

 Мажарстандағы сайлау 12 сәуірде өткен болатын. Дауыстардың 98,63 пайызы саналған нәтижеге сәйкес, еуродепутат Петер Мадьярдың оң-либералды «Тиса» партиясы мемлекеттік жиналыстағы 199 орынның 138-ін иеленді. Ал билеуші коалиция — Фидес пен Христиан-демократиялық халық партиясы — 56 мандат алды. Ал Джордж Соростың өзі Мажарстаннан шыққан қаржы алпауыты болатын.

Comments