Назарбаев советтік президент болған күн

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Gf5gOOMxK98kKu5OU9m39Q8oQYzpb5XJXL3yI40l.jpg

Фото: e-history.kz

 1990 жылдың 24 сәуірінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының президенті болып сайланды. Бұл шешім Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында қабылданды, деп хабарлайды "Адырна".

Президенттік институтты енгізу бастамасы 1990 жылғы 15 наурызда КСРО-да президенттік қызметтің пайда болуымен тұспа-тұс келді. Сол күні Михаил Горбачев Кеңес Одағының президенті болып сайланған еді. Осыдан кейін Қазақстанда да президенттік басқару жүйесін енгізу мәселесі көтерілді.

1990 жылғы 12 сәуірде «Қазақ ССР президенті қызметін тағайындау және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жарияланып, талқылауға ұсынылды. Екі аптадан соң, 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес заңды қабылдап, президент сайлауын өткізді. Жасырын дауыс беруге қатысқан 335 депутаттың 317-сі Назарбаевты қолдап, 18-і қарсы дауыс берген.

Нәтижесінде 49 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқаратын жоғарғы советте өзі президент болып сайланды. Оның кандидатурасын Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 21-пленумы ұсынған болатын.

Кейін, 1990 жылғы 20 қарашада қабылданған заңға сәйкес, Қазақ КСР Президенті жоғары атқарушы және өкімші биліктің басшысы болып бекітілді. 

 

Comments
Other materials