Пәкістан астанасы Исламабадта Иран бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Euronews-ке сілтеп.
АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Исламабадқа барған. Оларды Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи күтіп алған. Келіссөздер Таяу Шығыстағы шиеленіс жағдайында өтіп жатыр. Бұған дейін Ормұз бұғазы арқылы өтетін энергия тасымалына қатысты мәселелер шиеленісіп, әлемдік нарыққа әсер еткені атап өтіледі.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитттің мәліметінше, келіссөздің негізгі мақсаты — тараптар арасындағы диалогты жалғастырып, ықтимал келісімге қол жеткізу.
"Біз бұл нәтижелі әңгіме болатынына және келісімге мүмкіндік беретініне үміттенеміз", – деді ол.
Сонымен қатар, АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің Пәкістанға баруы жоспарланбағанымен, қажет болған жағдайда келіссөзге қосылуға дайын екені айтылды.
Yerzhan Myrzabayev was appointed as the Vice Minister of Industry and Infrastructure Development of the Republic of Kazakhstan
