Ресей Жеңіс күніне орай 8–9 мамыр аралығында уақытша атысты тоқтату режимі енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.
Ведомствоның хабарлауынша, шешім Владимир Путин бастамасымен қабылданған. Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде тараптардан осы бастамаға қосылу күтілетіні айтылды.
Осыдан кейін Владимир Зеленский әлеуметтік желілерде Украина тарапынан да 5 мамыр түнгі 00:00-ден бастап атысты тоқтату режимі енгізілетінін жариялады. Украина президенті өз жазбасында қазіргі уақытқа дейін Ресей тарапынан атысты тоқтату шарттары бойынша ресми ұсыныс түспегенін атап өтті. Сонымен қатар ол адам өмірін кез келген мерекеден жоғары бағалайтынын айтып, уақытша «тыныштық режимін» енгізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді.
Ресей қорғаныс министрлігі өз мәлімдемесінде Зеленскийдің бұған дейінгі сөздерін сілтеме ретінде келтіріп, оларды Мәскеуге шабуыл жасау қаупі ретінде бағалады.
Бұған дейін Зеленский Ресей астанасында өтетін парадқа қатысты пікір білдіріп, қауіпсіздік жағдайына байланысты әскери техниканың көрсетілмеуі мүмкін екенін айтқан болатын. Ресей тарапы атысты тоқтату режимі бұзылған жағдайда Киев орталығына соққы жасау мүмкіндігін де ескерткен.
Tokayev instructed to bring to justice the company that sent Kazakhstani people to the Hajj by deception
