Ұлытау облысында Ұлы Жеңістің 81 жылдығы кең көлемде аталып өтті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HGpcZYsVee4jeebIfFLO1lWNpxUc53xjWfythEjT.jpg

Мерекелік іс-шара театрландырылған қойылыммен басталып, салтанатты түрде Мемлекеттік Ту әкелінді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, жиналған жұртшылық Жеңіс рухына тағзым етті.

Өңір тұрғындарын Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков құттықтап, Ұлы Жеңістің тарихи маңызына тоқталды.

«Қазақ мысының қара шаңырағы – Қарсақбай зауыты соғыс жылдары әскери өнімдер шығарып, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Бұл – біздің өңір үшін үлкен тарих, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мақтаныш. Қасиетті Ұлытау жерінен шыққан азаматтар майдан даласында да, тылда да табандылық пен отансүйгіштіктің үлгісін көрсетті», – деді өңір басшысы өз сөзінде.

Ұлытаулықтар майданда қаза тапқан боздақтар мен ел тыныштығы жолында жанын қиған ерлер рухын бір минут үнсіздікпен еске алды. Қатысушылар бабалар рухына тағзым етіп, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Мерекелік шара барысында тұрғындарға дәстүрлі дала асханасы ұсынылып, Жеңіс әндері шырқалды.

Comments
Other materials