"Попкорнға қақалған". Кинотеатрға барған ер адам көз жұмды

192
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CbJRPXhhY9mAkZaBCTiRxIz1FUB1ocEGlm1Ti319.webp

Әлеуметтік желіде алматылық жігіттің кинотеатрға барғаннан кейін қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол попкорнға қақалған, деп хабарлайды "Адырна".

Қайғылы оқиға туралы ақпарат Телеграм арналардың бірінде пайда болды. Онда 17 мамыр күні жігіттің сыныптасымен бірге кинотеатрға барғаны туралы айтылған.

"Сеанс басталар алдында жігіт попкорн сатып алған. Туыстарының айтуынша, жігіт дәретханада құсқан. Осыдан кейін ол өзін жақсы сезінетінін айтып, танысымен бірге кинозалға кірген. Алайда біраз уақыттан соң тамағы жыбырлап тұрғанын және өзін нашар сезіне бастағанын айтқан. Кейін "жүрегім қысылып тұр" деп, танысына сырт киімін бергеннен кейін есінен танып қалған. Оқиға куәгерлері дәрігерлер келгенге дейін алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады", – делінген хабарламада.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша түсінік берді.

"Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі аталған факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады жергілікті полиция.

Comments