Ғарыштық зерттеудің негізін қалаған. Белгілі ғалым Едіге Закарин өмірден өтті

220
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/YETfb518MpRidB3hiaUOYrlnESWtgSZLNCgtVAp5.jpg

Белгілі ғалым, профессор Едіге Закарин өмірден өтті. Қаралы хабарды Ионосфера институтының ұжымы жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2 маусымда 87 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған сырқаттан кейін Институт қызметкері, техника ғылымдарының докторы, профессор Закарин Едіге Асқарұлының дүниеден озғанын терең қайғыра отырып хабарлаймыз. Ол – әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА Ғарыштық зерттеулер институтының негізін қалаушылардың бірі. Оның көпжылдық ғылыми және педагогикалық қызметі отандық ғылымның дамуына зор үлес қосты»,–деп жазды институт әкімшілігі.

Закариннің жетекшілігімен геоинформатика және Жерді қашықтықтан зондтау саласында ғылыми мектеп қалыптасты. Едіге Асқарұлы Қазақстандағы жаңа ғылыми бағыт – геоақпараттық модельдеудің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты.

«Закарин Едіге Асқарұлымен қоштасу рәсімі 2026 жылғы 4 маусым күні сағат 10:00-де Алматы қаласы, Қалқаман ықшам ауданы, 4а к2 мекенжайында (№1 Қалалық клиникалық аурухананың қарсы бетінде) өтеді»,– делінген хабарламада.

Comments